Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы өзінің парақшасында құдасымен түскен видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айдарбекова отбасы мүшелерімен уақыт өткізген. Продюсер ұлы Заңғар Нұртастың қайнатасымен түскен видеосын салды. Кадрдан құда мен құдағидың еліміздің әсем табиғатына тамсанып тұрғанын көруге болады.
Индиркамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарымның көңіл күйі көтеріңкі болсын TikTok түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы, - деп жазды ол.
Видео желіде қызу талқыға түскен.
«Майысып тұрғаныңызға қарап, екінші көке тауып алған ба деп ойлап қалдық. Жазбаны көріп құдасы екен ғой деп өз-өзіме енді келіп жатырмын. Аман болсын құдаңыз», «Өзіңіздің жігітіңізбен түскенде күшті болар еді, халықтың жаман пікірін тыңдамас едіңіз, бәрібір қызғаныш болады ғой», «Құдағи құрдасыңдай болсын, құдаң шын досыңдай болсын», «Майысып қояды», - деп жазды оқырман қауым.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?