Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Майқайың кенішінде болған апатқа қатысты автобусты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр бұл жағдай қазіргі таңда күрделі екенін және автобусты алып шығу оңай болмай жатқанын атап өтті.
Мұндай жағдай елімізде алғаш рет болып отыр. Сол себепті біз бүкіл әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, осындай жұмыстардың қалай жүргізілетінін зерттейміз. Топырақты тазарту үшін техниканы қолдану керек. Оны экскаватор және басқа да техниканың көмегімен тазартуға болады, – деді министр.
ТЖМ автобус іздеу жұмыстарына техника мен құтқарушылар жеткілікті екенін айтты.
Қазір бұл жағдай оңай болып тұрған жоқ. Әзірге автобусқа дейін жетуге бес метрдей қалып тұр. Тегіс түсуді қамтамасыз ету керек. Ең бастысы, құтқарушылар, жер жұмыстарымен айналысатын қызметкерлер үшін қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету. Бұл процесс оңай емес, нақты мерзімдер туралы айтуға әлі ерте. Жұмыс жүріп жатыр. Олар геолокацияны жүргізу үшін уақытымен тоқтайды. Құтқарушылармен автобус жүргізушісін алып шығу үшін жұмысты тоқтатпаймыз, – деді Сырым Шәріпханов.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне автобус құлап, екі адам қаза тапты. Ал автобуста барлығы 4 адам болған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары