30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАмерикандық танымал әнші, музыкант, The Jackson тобының белді мүшесі Тито Джексон 70 жасында өмірден өтті. Оны көпшілік поп-музыка королі Майкл Джексонның туған ағасы ретінде де біледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды көпшілікке танымал отбасының досы Стив Мэннинг мәлімдеді. Variety басылымының дерегінше, өнер иесінің өліміне не себеп болғаны әзірге анықталмаған.
Тито бауырлары Джеки, Джермейн, Марлон және 2009 жылы бақилық болған Майклмен бірге The Jackson 5 тобының мүшесі болды.
Бір қызығы, Тито осыдан төрт күн бұрын Мюнхенде жанкүйерлердің бастамасымен құрылған Майкл Джексон мемориалына барғанын жазған.
The Jackson 5 тобы 70-жылдары музыкаға жаңа бағыт сыйлаған ұжым атанды. Олар алғашқы төрт туындысы («I Want You Back», «ABC», «The Love You Save» және «I’ll Be There») американдық чарттың көшін бастаған алғашқы музыкалық топ болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды