6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАса ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектайев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportnews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, «Темір Майктың» қарсыласы ретінде Қазақстанға ММА аңызы Фёдор Емельяненконы шақыру жоспарланып отыр.
Біздің жоспарымызда Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бар. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған, – деді Әлімжан Бектайев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Майк Тайсонның кәсіби мансабында 50 жеңіс (оның 44-і нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Өткен жылы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Джейк Полмен өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі