23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жеңістің 80 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство дерегенше, аудиокітаптар қатарына Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр» және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» атты еңбектері енді.
Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» шығармаларының аудио-нұсқасы әзірленіп жатыр.
Аталған бастама майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Оқырман аудиокітаптарды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан тыңдай алады.
Кітаптарды М. Болатұлы, Қ. Ахметжанов, Ш. Үркімбаев, Б. Сабыр, Б. Сейітмамытұлы, Б. Бекмағамбетов сынды белгілі дикторлар дыбыстады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік