Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖетісу спортшылары саулау науқанына белсене қатысуда. Солардың арасында маунтинбайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова да бар. Ол Сарқан ауданындағы №349 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алина Сарқұлова – Түркияда маунтинбайктан өткен жарыста екі бірдей алтын медаль қазақстандық алғашқы спортшы.
«Еліміз одан әрі дамып-өркендей түссе екен деймін. Сондықтан да еліміздің болашағына бейжай қарамайды, мемлекеттің қуатын нықтай түсуге бар күш-жігерін жұмсайды деп өзім сенген азаматтарға қолдау білдіруге келдім. Өз таңдауымды жасадым, жастарды да азаматтық белсенділік танытуға шақырамын», - деді чемпион.
Талдықорғандық спортшылар да бүгін белсенді. Мәселен, шинкиокушинкай каратэден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Мерей Сүйінов № 420 сайлау учаскесіне келді.
Сол сияқты №398 сайлау учаскесінде Талдықорған қалалық қазақша күрес федерациясының президенті, белгілі жаттықтырушы Ерлан Иманғалиев та таңдау жасады.
Осы күні Талдықорғандағы №386 сайлау учаскесінде джиу-джитсудан Азия чемпионы Самат Сәрсенұлы дауыс берді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды