6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның еліміздегі қызметі аяқталып жатыр.
Кездесу барысында тараптар биылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларын, сондай-ақ Рим Папасы Францисктің Қазақстанға апостолдық сапарының нәтижелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев понтификтің Съезге қатысуының маңызы жоғары екенін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан алдағы уақытта да жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жолында белсенділік танытуға ниетті екенін атап өтті.
Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар екіжақты және көпжақты бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі