Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәулен Әшімбаев үкіметке тиімсіз шығындарды қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев үкімет мүшелеріне бюджетті оңтайландыру мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Ол бұл ретте шетелдік тәжірибені мысалға келтіріп, мемлекеттік шығыстарды тиімді басқарудың маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде көпшілігі АҚШ-тағы өзгерістерді назарға алып отыр. Олар Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік шығындарды қысқартумен айналысып жатыр. Әрбір мемлекеттік органның бюджетін мұқият талдап, қажетсіз деп тапқан шығыстарды қысқартуда. Нәтижесінде қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, бізге ешкімнің тәжірибесін сол күйінде көшірудің керегі жоқ. Бірақ шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне біз де назар аударғанымыз жөн, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасының айтуынша, бюджеттік балансты қамтамасыз етудің екі негізгі жолы бар. Біріншісі – Үкімет ұсынған салық реформасы есебінен табысты молайту, екіншісі – шығыстарды азайту.
Біздің жағдайымызда бұл екі тетікті де тиімді қолдану маңызды. Сонымен қатар болашақта тиімсіз шығындарға жол бермейтін жаңа ережелер қабылдау қажет, – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары