12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРеформадан кейін Сенаттың рөлі қандай? Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп қаншалықты тиімді жұмыс істеуге болады Сенаторлар қазақстандықтардың мәселесін қалай шешеді? Осы және өзге де сұрақтарға Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев BaitassovLive YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сенат – бүгінде еліміздің тұрақты және теңгерімді дамуына ықпал ететін Палата. Сенаторлар барлық заңды ұлттық мүддені, аймақтардың мүддесін және еліміздегі этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қаншалықты ықпал ететінін ескере отырып қарайды. Сонымен қатар Сенат мемлекеттік құрылымдағы заң шығару процесінің бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Естеріңізде болса, Мәжіліс сайлауы өткен кезде, биыл қаңтардан сәуір айының басына дейін заң шығару қызметін Сенат атқарды. Осы кезеңде Палата маңызды 36 заң қабылдады, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар сұхбат барысында Сенат өңірлердің мүдделерін қорғайтын және аймақтардағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесетін Палата екені айтылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер