6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПарламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Тереңнен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз төрге шығып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.
Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын, ұрпақты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер», - деп жазды М.Әшімбаев Facebook-тегі жеке парақшасында.
Сенат спикері тағылымы зор, өнегесі мол осындай мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі