23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПовлодарлық оқушы Аружан Нажмиден Мәскеуде математикадан өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. «Математика және жобалау» деп аталатын байқауда алтын медаль еншілеген жас ғалым — Павлодар қаласындағы қазақ-түрік лицейінің түлегі.
Оныншы сыныпта оқитын Аружан бұл жобаға бір жыл бойы дайындалған. Өзінің ғылыми жұмысында «қарапайым сандарды іздеу» формулаларын ұсынған жеңімпазға қазылар алқасы ерекше назар аударған.
«Осы жылғы байқау өте тартысты болды. Іріктеу кезеңінің өзіне мыңнан аса оқушы қатысты. Олардың ішінде 200 жұмыс келесі ақтық сынға өтті. Жалпы математикада қарапайым сандарды іздеудің формуласы жоқ. Мен өз жұмысымда осы тақырыптың айналасында көп іздендім. Жазған еңбегімді қазылар алқасы жоғары бағалағанына қуаныштымын» - дейді, Аружан Нажмидин.
Аружанның математикаға қызығушылығы жастайынан оянған. Алайда екі жыл бұрын ұстазы оған ғылымға ден қоюға кеңес береді. Жас ғалым ұстазының айқанын жерге тастамай, сол кезде ғылымға бет бұрғанына еш өкінбейтінін айтты. «Математика мен үшін тек құрғақ сандар емес. Бұл ғылым менің өмірімнің бір бөлігі болып кетті. Бұл байқаудағы жеңісім менің болашақ жолымды айқындап, өзімнің дұрыс бағытта келе жатқанымды көрсетті» - дейді, Аружан бізге берген сұхбатында.
Қазақ-түрік лицейінің оқушысы болашақта механикалық математикамен айналысқысы келеді. Аталмыш байқауда алған жүлде оған ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, осымен 10-шы рет өткізілген халықаралық байқау — Мәскеу қаласында 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында болды. Байқауға Ресей, Белорусия, Болгария т.б мемлекеттерінен 250-ге жуық оқушы қатысты.
Алмас САУДАНБАЙ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады