13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы автомобиль жолдарының сапасын қатаң сынға алып, Үкімет пен әкімдерге бұл мәселеге ерекше назар аударуды тапсырды.
Мемлекет басшысы Астанада «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қала ішіндегі көшелермен қатар, елді мекендерден тыс орналасқан жолдардың да сапасын жақсарту қажеттігін айтты.
Президент жол мәселесін еліміздің «ең осал тұстарының бірі» деп атады.
Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту міндеті қойылды. Президенттің сөзінше, мәселе тек ірі қалалардағы көшелерге емес, шағын қалалар мен елді мекендерді байланыстыратын автомобиль жолдарына да қатысты.
Жол сапасы бұған дейін де мемлекет басшысының назарында болған. Президент бұрынғы сөздерінде жол құрылысының сапасы сын көтермейтінін айтып, саладағы жемқорлық пен жұмыстың сапасыз орындалуын негізгі проблемалардың қатарына қосқан.
Сондай-ақ мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын елді мекендерді абаттандырумен ғана шектемей, қалалардың келбеті мен инфрақұрылымын жүйелі түрде жақсартумен ұштастыру қажеттігіне назар аударды.
Президенттің айтуынша, өңірлерде қала кеңістігін дамытуға заманауи тәсілдерді енгізу қажет. Осы мақсатта Астанадағы урбанистика орталығының тәжірибесін басқа өңірлерге таратып, қалалардың бірыңғай әрі үйлесімді келбетін қалыптастыратын осындай орталықтарды іске қосу ұсынылды.
Бұған дейін де Тоқаев автокөлік жолдарын елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің «күре тамыры» деп атап, негізгі қалалар мен өңірлерді сапалы жолдармен байланыстыру стратегиялық маңызға ие екенін айтқан еді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды