23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат сайлауы 2022 жылы басталған саяси үдерістің маңызды бөлігі. Парламенттің жоғарғы палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды деп есептейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров. Айтуынша, Сенат сайлауы жергiлiктi және республикалық деңгейдегi өкiлдi органдар арасындағы байланысты көрсетеді.
Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлайды. Бұл халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік. Конституциялық реформа мен референдумнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілді. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілетті мүшелері сенатор мәртебесін алып, Сенаттағы президенттік квотаның бір бөлігі болды, ол өз кезегінде 10 адамға дейін қысқарды, - деген пікірде.
Сондай-ақ, ол әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан 2 сенатор сайлануы, Парламенттің жоғарғы палатасында аймақтардың тең өкілдігін алуға мүмкіндік береді деп санайды.
Яғни, Сенат біртұтас мемлекеттегі аймақтардың теңдігін және әрбір аймақтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуын білдіреді, - деді ол.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады