6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының шығармашылық мектебі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеуден келген қонақтар студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ өнер әлеміне қызығушылық танытатындар үшін де шеберлік сыныптары мен ашық іс-шаралар өткізіп, дәрістер оқыды. Делегация құрамында музыка ғылымы мен орындаушылық өнердің жетекші шеберлері де бар.
Дәрістер «Музыкатану және композиция», «Арт-менеджмент», «Арнайы фортепиано», «Вокалдық өнер» және «Дирижерлеу» секілді білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
Шығармашылық мектеп 28 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен залда консерваторияның аралас студенттік хорының қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі