Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИлон Маск негізін қалаған xAI компаниясы жас кадрларға сенім артып отыр. Бұл жолы 20 жастағы студент Диего Пасини деректерді аннотациялау командасының жетекшісі болып тағайындалды. Дәл осы топ жасанды интеллект Grok-тың оқытылуына жауап береді. Бұл туралы Business Insider сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Пасини 2023 жылы мектепті тәмамдап, Пенсильвания университетіне оқуға түскен. Онда ол информатика мен экономиканы қатар оқығанымен, қазір академиялық демалыста жүр. Ол xAI-ға 2025 жылдың қаңтарында Сан-Францискода өткен корпоративтік хакатонда жеңіске жеткен соң келген.
Жаңа тағайындау компаниядағы қысқартулар кезеңімен тұспа-тұс келді: қызметкерлер саны 1 500-ден шамамен 900-ге дейін азайды. Соған қарамастан, Пасини қалған мамандармен кездесіп, олардың жұмысын бағалау мен алдағы міндеттерді нақтылау процесін бастап кетті.
Бұған дейін бұл топты Tesla-да он жылдан астам тәжірибесі бар топ-менеджер басқарған. Дегенмен, Маск соңғы уақытта жастарға көбірек сенім артып жүр: оның жаңа басшыларының ішінде 25 жасқа толмаған менеджерлер саны айтарлықтай артқан.
xAI-дағы қыркүйектің ортасындағы қысқартулар компания стратегиясының өзгеруімен байланысты. Енді «әмбебап оқытушылардың» орнына Маск тар бейінді, нақты бағытқа маманданған кадрларды жасақтауға ниетті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары