Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИлон Маск пен оның xAI компаниясы Grok жасанды интеллектінің жаңа нұсқасын таныстырды. iXBT мәліметінше, 4.1 нөмірлі жаңарту барлық пайдаланушылар үшін тегін болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Масктың айтуынша, Grok 4.1 алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда жұмыс жылдамдығы мен сапасын айтарлықтай арттырған. Компания мәліметінше, жаңа модель диалог жүргізу мүмкіндіктерін жақсартуға, эмоциялық контексті неғұрлым дәл тануға және қолданбалы сценарийлерде функционалдығын кеңейтуге бағытталған.
Grok 4.1 нұсқасы grok.com және grok.x.com сайттарында, сондай-ақ Grok мобильді қосымшасында қолжетімді.
Сонымен қатар xAI Grok 5 моделін әзірлеуді жалғастырып жатыр. Масктың айтуынша, қазіргі Grok 4-Heavy компаниядағы ең ақылды ЖИ саналады, бірақ алдағы релиз барлық негізгі көрсеткіштер бойынша үлкен серпіліс әкелуі тиіс. Бұған дейін ол Grok 5-ті «дүниежүзіндегі ең ақылды жасанды интеллект» деп атап, оның бәсекелестерден едәуір алшақтайтынын айтқан.
Маск толыққанды жасанды сананы жасау ықтималдығы шамамен 10 пайыз екенін алға тартты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары