Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының Баянауыл ауданында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемел адам» ілімі мен «толық адам» ұстынынан тамыр тартып, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз», - деді министр.
Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында «Мәшһүр жол» аудио кітабы, «Таңдамалы шығармалар жинағы» 10 томдығының тұсауы кесілді. Сондай-ақ ақын рухына арнап ас беріліп, ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?