Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары31 жастағы Атырау тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ол мас күйде болған.
Астана қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана – Атырау бағыты бойынша ұшуға дайындалып жатқан әуе рейсінен ұшақ командирінің актісіне сәйкес Атырау қаласының 31 жастағы тұрғынын түсірді. Тексеру барысында әйелдің ұшаққа отыру кезінде мас күйде болғаны, әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды. Полиция қызметкерлері келген соң азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартты, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырды, – делінген хабарламада.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің төрт бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды:
Билік өкіліне бағынбау;
Ұсақ бұзақылық жасау;
Бортсеріктердің заңды талаптарын орындамау;
Қоғамдық орында мас күйінде жүру.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар