12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘлеуметтік желіде Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды деген ақпарат тарады. Ол азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева екені айтылған. Аталған ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Ал Астана қалалық сотының баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша материалдардың сотқа түспегенін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, судьяны ұстауға арнайы рәсімдер көзделген. Сондықтан ол бірден ұстала алмайды, – деп хабарлады сот өкілдері.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер