23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМас жолаушы әйел әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтау-Баку рейсінен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған. 49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.
Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген мәліметте.
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады