6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерВатикан Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаннан кейінгі суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілік назарын оның бетінің сол жағындағы ауқымды гематома (көгерген із) аударды. Бұл туралы Il Messaggero италиялық басылымы жазды.
Невролог Сабина Антиколи көгерудің пайда болуын гемиплегиямен — яғни инсульттен кейін кейде пайда болатын біржақты сал ауруымен байланыстырады. Оның айтуынша, бұл жағдай құлау салдарынан жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алайда бұл болжамға күмән келтіретін жайттар да бар. 88 жастағы понтифик соңғы кездері арбамен қозғалып, тәулік бойы бақылауда болған. Сол себепті құлау ықтималдығы аз деп есептеледі.
Ватикан бұл жарақаттың нақты себебі туралы ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Рим Папасының өліміне себеп болған ресми диагноз — инсульт, ол 2025 жылдың 21 сәуірінде орын алған.
Сонымен қатар, шіркеу иерархтарының ресми мәлімдемелерінде өлім уақытына байланысты қайшылықтар байқалады.
Қазіргі уақытта Францисктің денесі Санкт-Петр соборында 26 сәуірге дейін қоштасуға қойылған. Осы мерзімнен кейін Сикстин капелласында кардиналдар жаңа Рим Папасын сайлау үшін конклав өткізеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі