23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСаясаттанушы Марат Шибұтов Жер реформасы жөніндегі Комиссияның жұмысын арттыру үшін өз тарапынан бірнеше ұсыныс айтты:
Біздің Комиссияға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Осы сенімді ақтауымыз керек. Комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға бірнеше нақты ұсыныс айтайын. Мен 4 жұмыс тобын құруды ұсынамын. Біріншісі –құқықтық, екіншісі ақпараттандыру және түсіндіру жөнінен, үшіншісі –экономикалық және төртіншісі – жариялылық пен жалпы процедуралар бойынша топ. Осылайша біз Комиссияның алдында тұрған мәселелерді жан-жақты талқылай аламыз», - деді М.Шибұтов.
Комиссия мүшесінің екінші ұсынысы – секретариат құру. Оған салыстырмалы ұсыныстар және басқа да кестелер енгізілуі тиіс. Бұл Комиссия мүшелерінің әрқайсысынан түсетін ұсыныстарды жинақтаған кезде уақытты үнемдейді.
– Үшінші ұсынысым мынадай: алғашқы екі отырыста біз жалпы жұмыс бағытын айқындап алып, үшінші жиыннан бастап нақты тақырыптар бойынша жұмыс істейміз деп ойлаймын. Яғни, нақты жерді сату, жалға беру, ашық және қоғамдық бақылау, жерді берудегі бағалау және мониторинг. Осылайша біз әр сауалға нақты жауап таба аламыз. Сонда ғана халықтың сенімінен шығамыз», - деді саясаттанушы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады