23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тараптар өнеркәсіп, көлік және авиация салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
ИИДМ басшысы айтқандай, биыл 15-16 ақпан күндері министрлік делегациясының Мәскеуге сапары жоспарланып, салалық мәселелерді мұқият пысықтап, талқылау үшін Ресей Федерациясының өнеркәсіп, сауда, көлік, құрылыс және ТКШ саласына жауапты министрліктермен кездесулер ұйымдастырылмақ.
Аталған кездесуде «ЕвроХим», «Камаз», «Уралхим», «Татнефть», «Вертолеты России», «Технониколь» және тағы да басқа компаниялармен автомобиль шығару, химия, тау-кен металлургиясы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы бірлескен өндірістік кооперациялары жөнінде айтылды.
Өз кезегінде А.Бородавкин транзиттік және экспорттық жүктердің ағынын ұлғайтуда «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағы саналатын «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» учаскесінің маңызы зор екенін айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік