Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасының Ұлттық ұланының елордалық бригадасында құқықтық тәртіп әскерлерінің басшылық құрамының үш күндік оқу-әдістемелік жиыны аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іс-шара аясында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Әскери кеңестің кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің өткен жылғы қорытындылары шығарылып, ҚР Президентінің – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының жаңа талаптары аясында Ұлттық ұлан әскерін одан әрі жетілдіру және дамыту мәселелері қаралды.
Жеке құрамды жедел даярлауды жетілдіру және әскерлерді оқытудың тиімді нысандары мен әдістерін тәжірибеге енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру керек. Дағдарыс жағдайлары туындаған кезде күштер мен құралдарды жедел қолдану дайындығын қамтамасыз етуді қолға алуды ұсынамын, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Сонымен қатар министр әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне, жеке құрамның тәртібіне, сондай-ақ әскери ортада суицидтік көріністер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларға ерекше назар аударды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?