Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКүрес түрлерінен Бішкектегі Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін, 8 сәуірде әйелдер күресінен бәсекелер басталды. Екі отандасымыз жартылай финалға өтті.
50 келіге дейінгі салмақта бозкілемге шыққан Марал Тәңірбергенова ширек финалда Тайпей өкілі И Хуэй Линнен 9:2 есебімен басым түсті. Енді отандасымыз жартылай финалда жапониялық Юи Сусакимен белдеседі.
76 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Гүлмарал Еркебаева үндістандық Каджал Каджалиді 5:3 есебімен жеңді. Ол жартылай финалда моңғол балуаны Даваанасан Энх-Амартпен күш сынасады.
Сондай-ақ 55 келідегі Шұғыла Өмірбек ширек финалда үндістандық Хансика Ламбаға жол берді. Одан бөлек 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова Үндістан өкілі Неха Нехаға есе жіберді. Ал 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жапониялық Мива Морикавадан жеңіліп қалды.
Айта кетерлігі, жартылай финал бәсекелері бүгін, 8 сәуірде өтеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?