Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМадридтің «Атлетико» клубының бұрынғы қорғаушысы Диего Годин «Интер Майамидің» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді тарихтағы үздік футболшы деп атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің 2014 жылғы «Атлетикомен» чемпиондығымыз он есе құндырақ. Сол жылдары «Атлетико» мен Уругвай құрамасының мүшесі ретінде нағыз бабында жүрген Лионель Месси мен «Реалда» Криштиану Роналдуға қарсы ойнауға мәжбүр болдым.
Футбол тарихындағы үздік немесе осы дәуірдегі үздік футболшыға қарсы өткізген матчтар саны бойынша екінші орында тұрмын. Біреулер үшін футбол тарихындағы үздік ойыншы Марадона болса, мен үшін – Месси, – деді Годин.
Айта кетейік, Диего Годин 2023 жылдың шілде айында кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
37 жастағы уругвайлық «Серро», «Насьональ», «Вильярреал», «Атлетико», «Интер», «Кальяри», «Атлетико Минейро» және «Велес» клубтарында ойнаған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар