20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТанымал коуч Роза Әшірбаева күйеуіне ғана сеніп, үйде жұмыссыз отыратын әйелдерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол күйеуінен қорлық көрген әйелдер туыстарына да керек емес екендігін, тиісінше олар далада қалатынын алға тартты. Сондықтан маман әйелдердің өз жинағы, жұмысы болуы керек деп санайды.
«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін» дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен – мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында жүр?! Өйткені оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы үш нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. Үш нәрсе сені үйден қуып шықпайды. Үш нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өз пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың, – деді коуч.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?