28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерлан Саиров шекаралық аудандар мен шекаралық ауылдардың даму мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Қазақстанда шекараның түбінде тұратын 50 шақты шағын ауыл бар екенін айтты. Сол ауылдарда жол, медицина, су және интернет мәселесі әлі де шешілмеген.
Кейбір ауылда медициналық пункт болса да, фельдшер жетіспейді. Ал кейбіріне жазда да, қыста да бара алмайсың. Өйткені жол жоқ. Азаматтардың осындай жерде тұруына ешқандай құлқы болмайды. Бұл мәселені сіздер қалай шешесіздер?, – деп сұрады депутат Ұлттық экономика министрінен.
Ол шекаралық аудандардағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне кері әсер ететін ең негізгі мәселе – сол аудандағы шетелдік ұялы телефон операторлары болып отырғаннын айтты.
Мысалы, Зайсан, Мақаншы, Алматы, Нарынқолда Қытайдың ұялы телефонының операторы жұмыс істеп тұр. Ал солтүстік шекараларда Ресейдің операторларын пайдаланады. Бұл біздің еліміздің тұтастығына және бүгінгі таңдағы ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді, – деді депутат Ерлан Саиров.
Ұлттық экомика министрі Әлібек Қуантыров бұл мәселе кешенді түрде шешімін табатынын және шекаралас ауылдардың деңгейі әртүрлі екенін айтты.
Ауылдарды бір деңгейге көтеру үшін біз өңірлік стандарттар жүйесін енгіздік. Бұдан басқа шекралас елдімендерді дамыту және қосымша қаражат бөлу. Қазақстандық эфирді және бағдарламаны көрсету, – деді министр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?