23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіИсатай Минуаров, "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтының эксперті:
Қазақстанның антиядролық тәжірибесі – өзгелерге үлгі боларлық бастама
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары ғаламды қамтитын үлкен проблемаларды шешу тетіктерін ұсынуымен мәлім. Нұрсұлтан Әбішұлының Вашингтондағы ғаламдық саммитке қатысқанда көтерген мәселелері әлі күнге дейін үлкен талқыға түсіп жатқандығы соған дәлел. Бұл жолы да Елбасы әлемдегі тұрақтылықты сақтаудағы өзінің «рецептін» «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» құжаты түрінде беріп отыр:
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы – барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт, қазіргіміз бен келешегімізге серпіліс беретін үлкен бастама. Қазақстанның осы мәселедегі ұстанымы әлемді ядролық зұлымдықтан сақтаудың алғышарты деп қабылдауға болады. Қазақстанның зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші болса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан осындай тарихи шешіммен әлемнің назарына ілікті. Сондықтан болар, әлемді ядролық қарусыздандыру саммиттеріне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы үлкен маңызға ие.
Осыдан 15 жыл бұрын еліміз аймақтағы көршілерімізбен бірге Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазір де еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басында келеді. Біздің антиядролық тәжірибеміз әлемнің барлық мемлекеттеріне үлгі болады деген үміттемін.
Пікірді жазып алған – Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады