30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеп, игі бастамаға белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың қатарында Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Аслан Жангелдиев те бар. Ол Президенттің алғыс хатына ие болды.
Аслан Жангелдиев бұл марапат барша жаңаөзендік жастардың ортақ еңбегінің нәтижесі екендігін атап өтті.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге жастармен бірге қатысып, еріктілік қызметін атқардым. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы «Jasyl el» еңбек жасағының жұмысын үйлестіруге атсалыстым. Сондықтан бұл марапат – тек менің емес, менімен бірге еңбек етіп жүрген еріктілердің, әріптестерім мен жастардың ортақ жетістігі. Біз ел жастарының болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз. Қазақстанның жарқын келешегі – жастардың қолында, - деді Аслан Жангелдиев.
Осындай жастардың белсенділігі арқылы «Таза Қазақстан» тек қоршаған ортаны тазарту емес, ел ертеңін ойлайтын ұрпақты қалыптастыруға жол ашатын маңызды бастамаға айналып отыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды