Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді.
Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?