Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліӘмбебап жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрсұлтан Жұбатқан өзіне сыйға берілген пәтерді жеке бапкері Жомарт Қобылановқа сыйға берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстаулық кәсіпкер Сәкен Төребаев жас чемпионның табысты жетістіктері мен ел намысын жоғары деңгейде қорғағаны үшін оған сый ретінде Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтер берген болатын. Бұл ретте Нұрсұлтан Жұбатқан бұл сыйды бала кезінен өзін тәрбиелеп, үлкен спортқа баулыған бапкеріне ұсынды.
«Барлық жетістігім - ұстазымның еңбегінің жемісі. Сол кісінің тәлімі мен сенімі болмағанда, мен бұл биіктерге жете алмас едім. Сондықтан осы сыйды ең әуелі соған арнаймын», - деді Нұрсұлтан Жұбатқан.
Бапкер өз шәкіртінің мұндай қадамы үшін алғысын білдірді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс