23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында апаттық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығыне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықовтың айтуынша, 22 мамыр күні жұмыс барысында шамамен 150 бас ұсақ мал, тұрмыстық бұйымдар қауіпсіз жерге эвакуацияланып шығарылған. Авариялық құтқару жұмыстарына 4 жеке құрам, 1 үрмелі қайық, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Махамбет ауданы, Есбол ауылындағы «Су тазарту бекетінің» ауласында 3 мотопомпаның көмегімен, шамамен 680 текше метр су сорылды,-дейді Нұрлыбек Айжарықов.
Айта кетсек, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 225 жеке құрам су тасқыны жағдайының алдын алуға жұмылдырылды. Бүгінгі күні 132 жеке құрам, 13 бірлік техника, 7 жүзу құралы, 25 мотопомпа жұмыс жасауда. Атап айтқанда Құлсары қаласында 15 жеке құрам, Атырау қаласында 28 жеке құрам, Индер ауданында 4 жеке құрам, Махамбет ауданында 87 жеке құрам бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік