30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМаңғыстаулық өнерпаздар Қытайда өтіп жатқан мәдени іс-шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясы Тайюань қаласы Цинсюй округі халықтық үкіметінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Айдаһардың гүлденген ғасыры, бақытты, қуанышты Цинпру жылы» атты мәдени іс-шараға Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі, сондай-ақ әншілер Алпысбек Оңайбай, Фариза Ретбаева, Нұрым Асқанов аттанды.
Бұл фестиваль Қытайда 11-ғасырдан бері тойланады. Биыл Қазақстан, Испания, Франция сияқты әлемнің түкпір-түкпірінен өнерпаздар 4 миллион тұрғыны бар Тайюань қаласына жиналды.
Олар екі күн бойы арнайы парадпен Тайюань қаласын аралады. Шетелдіктерге қазақтық ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдерін көрсетуді мақсат еткен маңғыстаулықтар да өз өнерлерін паш етті. Қазақ әндерін орындап, ұлттық биді мың бұрала биледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды