7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Биыл 10 айдың ішінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі экономикалық көрсеткіштер оң динамика көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Инвестициялық жобаларға келер болсақ, 27 триллион теңгеге 8 жоба іске асырылып, 3700 жұмыс орны ашылған. Агроөнеркәсіптік кешен саласында 10 айдың қорытындысы бойынша былтырғы есептік кезеңмен салыстырғанда өсім байқалады, - деді ол.
Нұрлан Асқарұлының айтуынша, биыл жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер зәйтүн ағашын егуді қолға алды.
Қазіргі таңда 2 мың түп отырғызылды, сондай-ақ Арыс қаласында және Жаркент қаласында тәжірибе жүргізілуде. Егер ол оң нәтиже беретін болса, кәсіпкерлер 10 мың га жерге зәйтүн егіп, оның майын алып кәсіп етеді, - деді әкім.
Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, келесі жылға 5 жоба жоспарланған, оның ішінде 4 жылыжай мен азық-түлік қоймаларын салу мәселесі де бар. Бұл жобалардың жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?