6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстаулық самбо бапкері Берік Әмірханұлы кезекті рекордын жаңартты. Ол 17 тамыз - халықаралық спорт күні мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ақтау-Жаңаөзен бағыты бойынша ультрамарафонға шығып, 150 шақырымды жүгіріп өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы бұл қашықтықты 20 сағатта бағындырған. Бұған дейін де ол 65 және 42 шақырымдық қашықтықтарға жүгіріп, үздік нәтижелер көрсеткен.
Берік Әмірханұлының айтуынша, ультрамарафонды тек спорттық жетістік қана емес, салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы ретінде өткізген.
Қаңтар айынан бастап жүгіріп жаттығуды тұрақты түрде қолға алдым. Мысалы, бұған дейін 183 күні «Tree of Life» бағытында өзімді сынап, түрлі қашықтықтарды бағындырған едім. Жоспарым аясында 219-шы күні 150 шақырымдық Ақтау-Жаңаөзен бағыты бойынша ультрамарафонды жүгіріп өттім, - дейді «Жас батыр» спорт мектебі самбо бөлімінің бапкері Берік Әмірханұлы.
Спортшы таңғы 6:00-де Ақтаудан шығып, Жаңаөзен қаласына түнгі сағат 02:00 шамасында жеткен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі