Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жиын барысында өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Өңір басшысы Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік басқармаларына аудан әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді субсидиялау түрінде қолдау көрсету жолдарын қарастыруды және көмек көрсетуді тапсырды.
Жақында біздің шаруалардың бау-бақшасындағы алма ағаштары жемісін береді. Бірақ оларды ешкім сатып алмайды. Өйткені бағасы қолжетімсіз. Табиғи түрде өскен, нитраты жоқ алма керексіз болып, жерде шашылып жатады. Сондықтан, кәсіпкерлерге субсидия беріліп, Маңғыстауда өскен алмалар дүкен сөрелерінде тұруы керек. Сондай-ақ оның бағасы нарыққа сырттан келетін жемістердің бағасынан төмен болуы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Аппарат кеңесінің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімі жасыл желектер мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?