Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсМаңғыстау облысы Қарақия ауданының әйелдері "Мен кәсіпкер" жобасы аясында киіз басу курсын оқып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, киіз басу шебері Жаңагүл Жапарова 10 әйелге дәріс өткізуде. Әйелдер курстан киіз басудың екі әдісін үйреніп, оны бояуды меңгеріп шығады.
Ылғал киіз басу, құрғақ киіз басу әдістері туралы айтып, бұл салада қандай техникамен жұмыс істейтініміз туралы таныстырдым. Техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама беріп, калькуляцияны қалай есептеу керек екенін үйретіп жатырмын. Бұл курсқа қатысушылар киіз басуды үйреніп қана қоймай, жасаған өнімдерін қандай платформада сатуға болатынын да үйренеді, - дейді Жаңагүл Жапарова.
Сондай-ақ курс тренері қатысушыларға мемлекеттік грант алудың жолдарын айтатын болады. Курс үш күнге созылады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды