6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтауға ұшып келген қоқиқаздардың видеосын жергілікті блогер Нұркен Тәжібай өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, қоқиқаздардың көктемгі миграциясы басталды. Бүгінде шамамен 5 мың қоқиқаз келген.
Көктемгі көші-қон ақпаннан наурызға дейін жалғасады, ал күзгі кезең қыркүйек пен қазанға тура келеді. Қазір мұнда 5 мыңға жуық қоқиқазды көруге болады, - деді Үстірт қорығының ғылыми қызметкері Жасқайрат Нұрмұхамбетов.
Фламинго – Қызыл кітапқа енген сирек қоныс аударатын құс. Әдетте олар Қарақия көлінде 15 күндей аялдама жасап, әрі қарай тропикалық елдерге кетеді.
Кейбір қоқиқаздар Қаракөл көлінде қыстайды. Осы кезеңде құстардың сан түрін байқауға болады. Маңайда 200-ден астам түрі кездеседі, олардың 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, - деп атап өтті Жасқайрат Нұрмұхамбетов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі