30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМаңғыстау облыстық қуыршақ театры Ресейден олжалы оралды. Ұжым І «Станислав Железкин атындағы сыйлық» халықаралық қуыршақтар фестиваліне қатысып, Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі екі маңызды іс-шара қатар өткенін, оның бірі – «Чаепитие в Мытищах» фестивалі, екіншісі - 2019 жылы қалалық округ әкімшілігі құрған Ресейдің Халық әртісі Станислав Железкин атындағы театр сыйлығы берілетін фестиваль екенін алға тартты.
Байқау тартысты өткен. Бірінші кезеңде әлемнің түкпір-түкпірінен келген театрлардан 68 өтінім келіп түскен. Олардың тек 12-сі екінші кезеңде өнер көрсетті. Маңғыстау театры осы іріктеуден өткендердің бірі болған.
Отандастарымыз фестивальге репертуардағы үздік спектакльдердің бірі, бас режиссер Н.Насырованың «Бабалар жері» атты спектаклін ұсынған. Бұл спектакльде актер Ержан Биғашев барлық рөлдерді өзі сомдайды. Қойылым қазақтың ұлттық философиясының тереңдігін жеткізіп, қазылар алқасын ерекше энергиясымен баурап алды және фестивальдің басты марапаты — «Үздік шетелдік спектакль» номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды.
Айта кетейік, «Бабалар жері» спектаклі бірнеше рет халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған. 2022 жылы қойылым VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлары фестивалінде үздік актерлік шеберлік үшін марапатталды. Ал, 2023 жылы Санкт-Петербургтегі «КУКАРТ» фестивалінде «Отан туралы үздік спектакль», «Құралайда» «Үздік режиссерлік жұмыс» және Almaty Puppet Festival-де «Үздік драматургия» номинацияларын иеленген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды