Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау ауданы аумағындағы Маната асуынан мал айдау жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзындығы 2 шақырым болатын жолдың құрылысына 72 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл жолды салу қажеттілігі облыс және аудан әкімдерімен кездесуде шаруа қожалықтары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Бұған дейін малды ойдан қырға, қырдан ойға айдау кезінде республикалық маңыздағы жолды кесіп өтуге тура келетін. Бұл өз кезегінде мал үшін де, жол қозғалысы үшін де қауіп туғызатын.
Айта кетейік, бұған дейін шаруалардың ұсынысымен Бесбұлақ асуына да жол салу жоспарда бар. Алдағы аудандық мәслихат сессиясында аталған жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлінетін болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары