Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБиыл қаңтар-тамыз айларында Маңғыстауда 2827 неке тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының АХАТ басқармасының мәліметінше, ең көп неке тамыз айында – 407, ең аз неке ақпан айында – 307 тіркелді. Жалпы тіркелген некелердің ішінде қалада -238, ауылдық жерлерде - 589 неке рәсімделген. Маңғыстауда некеге тұрғандардың жасы бойынша ең жоғары көрсеткіш – 68 жасты құрап отыр.
Ал Қазақстан бойынша биыл 8 айда 77 951 неке қиылды. Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні елімізде 631 жұп шаңырақ көтерді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет екенін хабарлады. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек