Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМаңғыстау облысында 2025 жылбасынан басынан бері 10 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері жыл баынан бері аймақта 40 мыңға жуық адам сенбілік шараларына қатысқанын мәлімдеді. Оның ішінде 800 ден астам техника тазалық жұмыстарына бекітіліп, 10 мың тоннаға дейін қоқыс жиналып отыр.
«Таза қала» акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Оған 5720 адам қатысып, 1457 түп ағаш отырғызылды және 300 тонна қоқыс шығарылды. «Жер Сағаты» акциясы аясында 39 064 көше шамы сөндіріліп, 28639 кВт/с электр энергиясы үнемделді. «Таза кәсіп – таза аймақ» акциясына 320 адам қатысып, 160 түп ағаш отырғызылды, - деп жазылған басқарманың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Маңғыстауда «TAZALIKE» FEST 2025 сенбілік жұмыстары аясында ағаш отырғызу, жоғары оқу орындарында эко-сағаттар, жер сағаты, эко-челлендждер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Таза су қоймалары», «Тазару күні», «Табиғат біздің қолымызда», «Түлектердің ағаш егуі» сияқты экологиялық шаралары да өткен.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді