6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс және жазғы каникул күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметі республикалық маңызы бар «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі» автожолында кешенді рейдтік іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шаралар жол апаты жиі тіркелетін қауіпті учаскелерде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Жол бойындағы патрульдік нарядтардың саны артып, бақылау күшейтілді. Бұған қоса жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау үшін дрондар мен бейтарап бақылау патрульдері қолданылуда, – деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол белгілеріне мұқият қарап, ережелерді қатаң сақтауға шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі