23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында “дін мәселелері бойынша ақпараттық орталықтың” өкілдері сотталғандармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл іс-шара жазасын өтеушілерді рухани және моральдық тұрғыдан қолдауға, олардың іс-әрекеттерін түсінуге көмектесуге және түзетуге бағытталған.
Кездесу барысында имам қатысушылармен режимдік талаптар жағдайында дін ұстанушылардың өзін қалай ұстау керектігін талқылады. Сондай-ақ күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Мекеменің теологиялық оңалту жөніндегі инспекторы әділет майоры Мұрат Орынбай атап өткендей, мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі. Психологиялық, білім беру және әлеуметтік қолдауды біріктіретін кешенді тәсіл сотталғандарға дүниетанымын өзгертуге және қоғамға табысты реинтеграция мүмкіндігін жақсартуға көмектеседі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік