Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау ауданында бүгін өткінші жауын кезінде сел жүріп өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жағдай кезінде ауданда зардап шеккендер тіркелмеген. Аудан әкімдігінің мәліметінше, кейбір үйдің сарайына су кіргені туралы дерек анықталған көрінеді.
Шетпе ауылында сағат 11:50 кезінде өткінші жаңбыр үш мәрте жауып, 12:24-те басылды. Өткінші жаңбыр қатты жауып өткендіктен кейбір аумақтарға су жиналып, арнасынан асып қарғын жүруі орын алды. Оның ішінде Жаңа орпа, Ащыбұлақ шағын аудандарында кейбір тұрғын үйлер мен ауласына су кету жағдайлары тіркелді. Қазіргі уақытқа дейін №8 аудандық өрт сөндіру бөлімінің 101 жедел желісіне 15 судан зиян шеккендігі туралы тұрғындардан қоңырау түсіп тіркелген. Аталған мекеме мен ауыл әкімдігі мотопомпа, басқа да құрылғылармен су сору жұмыстарын жүргізуде. Сондай ақ ішінара тоқ сөнуі жағдайлары да болған, олар қалыпқа келтірілді, - деді аудан әкімдігінің өкілдері.
Аталған жағдайдан кейін Шетпеде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоңырау түскен үйлерді аралап, зиян шегу деңгейін анықтау шараларын ұйымластыру жұмыстарын жұмыстар жалғастырып жатқаны белгілі болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары