29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысында мереке түнінен бастап 1 қаңтар күні сағат 23:59-ға дейін 27 қыз, 23 ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтауда 36 сәби дүниеге келген. Жаңаөзен қаласында бұл көрсеткіш — 14 сәбиге жетті. Алғашқы нәресте сағат тілі түнгі 12-ден ауған уақыта жарық дүние есігін ашқан. Жаңа туған нәрестелердің салмағы 2 келі 200 граммнан 4 келі 700 граммға дейін.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жаңа туған 50 нәрестенің арасында бір егіз бар.
Қазір барлық сәбилер аналарының жанында, тәжірибелі акушерлер, медбикелер мен дәрігерлер олардың денсаулығына қамқорлық жасауда, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы өңірлер арасында туу көрсеткіші бойынша Түркістаннан кейінгі екінші орында тұр. Былтыр өңірде ана өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек