Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМаңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен 15 шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған заңсыз ойын бизнесі жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Мекенжай бойынша тінту жүргізу кезінде ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 ойын фишкасы, 16 қорап ойын картасы және марихуана пайдалануға арналған қолдан жасалған екі құрал тәркіленді.
Одан бөлек 374 мың теңге, 200 доллар және 50 еуро және құрамында марихуана бар байлам тәркіленді.
Сондай-ақ үй-жайда даяшы мен басқа да ойыншылар болған.
Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілір жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар