29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысында «Orhun Medical» ЖШС-нің аймақтағы денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жобалары мен бастамалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнда халықтың шетелде емделуге жұмсайтын шығындарын азайту және ел ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Компания өкілдері ұзақ мерзімді онкологиялық орталықтың қызметкерлерін арнайы оқыту бойынша бастамаларды ұсынды.
Нұрдәулет Қилыбай облыс тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуын өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, ұсынылған жобаларды іске асыру үшін әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Маңғыстау халқы өзге елге барып ем іздемей, өз жерінде сапалы медициналық қызмет алуы тиіс. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз. Ең бастысы, бұл бастамалар халықтың игілігіне бағытталып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізуі қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, «Orhun Medical» – Қазақстандағы жетекші медициналық компаниялардың бірі. 2015 жылдан бері компания Қазақстан аумағында 14 медициналық нысан ашып, 705 жаңа жұмыс орнын құрды. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мақсатында ПЭТ/КТ және ОФЭКТ/КТ орталықтарын іске қосуда. Енді, облыс тұрғындары Астана, Алматы қалаларына бармай-ақ, позитронды-эмиссионды томографпен (ПЭТ) зерттейтін онкологиялық диагностикалық орталықтың қызметіне жүгіне алады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек