23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция қала белсенділері «Ыбықты-Сай» тарихи орнына тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл акцияға облыстық «Жастар» ресурстық орталығының өкілдері және «Yessenov» колледжінің студенттері белсене қатысты.
Маңғыстау облысы еріктілерінің ұйымдастыруымен Ыбықты-Сай шатқалына сенбілік өткізуді ұйғардық. Киелі өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттайтын туристер ағыны жыл сайын артып келеді, табиғат-Ананың қымбат қазынасы ретінде мұндай жәдігерлердің бастапқы қалпын бұзбай, жайнап тұруы тікелей бізге байланысты. Ұрпақтың жарқын келешегі туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады,- деді қала еріктісі Амангүл Жамкен.
Ыбықты-Сай шатқалы Ақтаудан 60 шақырым жерде орналасқан. Ол Қазақстанның ең терең ойпатында - Қарақияда орналасқан. Бұл шатқал- табиғаттың ерекше туындысы. Көптеген адамдар оны ашық шатқал деп атайды. Миллиондаған жылдар бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды. Таңғажайып лабиринттер мен аркалардың әлеміне енгендей күй кешесіз.
Сурет: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы
Сурет: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік